Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  86


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Кездесіп нұрлы бейнеңе...

Кездесіп нұрлы бейнеңе,
Жаным да нұрға бөленді.
Өзің деп сүйем өмірді,
Өзің деп сүйем өлеңді!
Алтайға әкеп сүйедің
Аласа жүрген төбемді.
Кеудемді кернеп тылсым күш,
Қуанып жүрем мен енді!
Жаным жүр жақсы тілекте:
Өзіңмен жанды бір етсе.
Кездескен кештеу арманым,
Жүрегімді енді жүдетпе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу