Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
183
БІЗДІҢ ҚАЗАҚ...
Кеше көрдім көшеде екі қазақ тірлігін,
Керілдесе өштесіп, сабап жатты бір-бірін.
Құлап түсті біреуі, бет ауызы қара қан,
Арашаға бармайды, айналада жан адам.
Боқтанады жеңгені, тоқтата алмай екпінін,
Ұрып жатыр төмпіштеп, астына алды тепкінің.
Құлағаны ес-түссіз қалды-ау деймін, шамасы,
Есерсоқтың есірген соққысына қарашы.
Біреу үшін әрине, көрініс қой бұл ғажап,
Анадайдан қызықтап тіл қатады бір қазақ:
«Өлтір, өлтір сорлыны басына теп, ұр тағы!»
Біздің қазақ осылай бірін-бірі құртады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter