Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
168
Демеймін мен қаріппін...
Демеймін мен қаріппін,
Махаббаттан тарықтым.
Сүйген жүрек табылып,
Алдан туды жарық күн.
Бұрын жігер жасқаппын,
Баянды іске баспаппын.
Бақытымды құшқалы
Аспандайын асқақпын.
Мұхиттайын телегей,
Қияндарға желеді ой.
Махаббаттың бесігі
Мол бақытқа бөлегей.
Жақсы болсам, тап шыным
Жұбыменен жақсымын.
Егіз гүлді құлпыртып,
Жайнай берсін жақсы күн!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇