Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  151


Автор: Серікбай Бердияров

Кезегінде өн бойымыз түршігіп...

Кезегінде өн бойымыз түршігіп,
Тұрғанымен жасалыпты тіршілік.
Одан басқа бастыра ма аяқты,
Тұралаған қиындықтың түр-түрі.
Тағдырыңда кезігетін білместік.
Алдыңдағы кедергі екен тіл кесті.
Төрткіл дүние тұрмағасын уыста,
Ашық шашық жүріппіз ғой ілгексіз.
Дүмбілездің басым болып салмағы
Өңір жайлы, өмір жайлы талдады.
Өресіздің сабанхана тірлігі,
Шеше алмады бірақ істі алдағы.
Даладағы түк те емес көргенің.
Өзің жуып,өзің жайған жөргегін.
Ағайының қарсыласың болғанда,
Рәсуа екен шіркін тергенің.
Әке сенің айтқаныңа малданып,
Кескілесер туралықты таңдадым.
Сыңаржаққа сыбаға деп отырмын,
Орта жолда ізі ғайып қалғаны.
Өлімге де кетті бірде пейілім,
Кейін-кейін ашу бұлты сейіліп.
Ыждақаттап нақты іске кірістім,
Қажетіне жарасаммен елімнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу