Өлеңдер ✍️
Маған берген сыйы болар өмірдің...
Маған берген сыйы болар өмірдің;
Не қуандым,
Не жыладым,
Не күлдім,,,
Тағдырыммен тайталасып талабым,
Талай мәрте таяқ жедім,жеңілдім.
Жас кезімде жаспын дедім,балаңмын,
Ержеткен соң дедім лаулап жанармын!
Ер де жеттім,
Жар да сүйдім,
Жалғанда
Осы екен ғой бір арманы адамның.
Күні кеше жаз,көктемді көріп ек,,,
Бүгін күзге тән беріпті төңірек.
Орта жаста толысса да ақыл-ес,
Білгенімнен білмегенім көбірек.
Кәзір міне аулындамыз алпыстың,
Қадыр көп те,
Қайрат аздау,
Хал мүшкіл.
Бала тілін алмасам да кейбір сәт,
Әлі күнге ана тілін алғышпын.
Осы болар бір әулеті алғыстың,,,
Сары күз де кенде емес-ау сауаптан,
Келе жатыр кәрі қыс пен дәу ақпан.
Кемеліме келдім-ау деп жүрсем де,
Неге деген сұрағым көп жауаптан!
Бұл сөзімді көрген-білген ырастар,
Ауыл-анам,
Қала маған ылас,тар.
Өмір,өмір,,,
Бұл шіркінде,шынымен,
Мен білмейтін бар-ау,сірә,бір астар?,,
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇