Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  90


Автор: Серікбай Бердияров

Балам сенің жарқырап жүруіңе...

Балам сенің жарқырап жүруіңе,
Алаңдамай өмірді сүруіңе,
Жағдай жасау ойдағы ісім еді,
Ыңғайына келтірдім соны міне.
Ойна, биле, ішіп, же, оқы, тоқы,
Болады-ау дегенді осы тосын,
Қарақан бас билігі өз қолыңда,
Құқылысын қарауға екі шоқып.
Затыңызға теңелмес бағалысын,
Ығыстырдым сылыдым шамалысын.
Тірлігімнің қожасы тірегісін,
Шаңырақтың бекініс қамалысын.
Жақсы,жаман құнары жұмысыңда.
Өмір сүру хрустал шынысындай.
Үлбіретіп қалыпта ұстамасаң
Ар абырой болады шыны сынған.
Қас қағымға түсірсең ұнжырғаны,
Шашылады тарыдай тындырғаның,
Айтқанымның түйірі күлтелеусіз,
Мезгіліңді өткізіп шыңғырмағын.
Шама шарық шамала жүрген жерде,
Көне қойса ыңғайға үйренгенде.
Ақыл кеңес толассыз айтылады,
Білемісін неліктен білгендерге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу