Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
198
Ұрпағы болғаннан соң ер Кебектің...
Ұрпағы болғаннан соң ер Кебектің,
Елуге келгенімше ел деп өттім.
Қайран ісім қайраңдап көрінеді.
Беті мен бедерінде бел-белестің.
Ұрпағы болғаннан соң ұлы Абайдың,
Еңбегіме еш ақы сұрамаймын.
Көп өлеңім көш бастап жүр әнекей,
Көзіндей мөлдіреген құралайдың.
Хан-Шыңғыс, қара Ертістің арасында,
Жарадым тарландармен таласуға,
Тістінің тыртығы бар жүрегімде,
Күштінің жарасы бар қанатымда.
Туысы болғаннан соң бар қазақтың,
Терімді тегім үшін сорғалаттым.
Кеңпейілді Аллама жақсам болды,
Келмейді пенделермен саудаласқым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇