Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  63


Автор: Төлеген Жанғалиев

Көлеңкесі көңілдің ұзарады...

Көлеңкесі көңілдің ұзарады,
Айықпайды күдіктің тұманы әлі.
Күн шуағы түспеген мына жұрттың,
Шүберектей бозарып тұр ажары!
Қызылшырай қызыл күн беттердегі,
Көрінбей-ақ қойды ғой көптен бері.
Жүректерді барады қалтыратып,
Жүзі суық өмірдің өктем желі.
Көрінбейтін сияқты көк те гүлдеп,
Жауқазын да жатқандай кеш тебіндеп.
Омбы қарын ойлардың бұзып жарып,
Көңілдерден кілемін көктем іздеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу