Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
195
Қайда барсам, тәнді қиды қыл арқан...
Қайда барсам, тәнді қиды қыл арқан,
Қайда барсам, қайғы менен мұң артам.
Еңлік боп тоқтады сабырлық,
Кебек болып жауға жалғыз сыбансам!
«Жауы» несі мына күнде демеңіз,
Көріп келдік, оны тағы көреміз.
Текті жанның «тесігіне» тығылып,
Кекті жанның кеудесінен тебеміз.
Ұят - ардың ұясында жылан бар,
Мысық көзбен оны бүгін кім арбар.
Қасқыр жандар қыңсылайды күшік боп,
Қарға болып қарқылдайды қырандар.
Қу тірлік-ай қутыңдаған қыздай боп,
Саған ылғи жағынуға ыңғай жоқ.
Қалмаймын ба, қармағыңа ілінсем,
Адам деген атымнан да жұрдай боп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇