Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  763


Автор: Манарбек Ержанов

ҚУАНАМЫН

Аққудай айдын көлде сыланамын,
Түрленем тоты құстай бұраламын.
Бақыттың бақшасында бұлбұлдаймын,
Шырқатып ұлы тойда əн саламын.
Қайырмасы:
Мұңсыз өскен баламын,
Шаттық əнге саламын.
Бабындағы жүйріктей,
Ашылып тұр маңдайым-ай,
Озып бəйге аламын!
Қуанам, көк майсалы жерім, саған,
Төрт түлік малға толған, белім, саған.
Құс ұшпас, қарсақ жортпас шөл далаға
Орнатқан еркін өмір, елім, саған!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу