Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  584


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Адалдық деп соғады кіл жүрегім...

Адалдық деп соғады кіл жүрегім,
Жамандықты лақтырар жыр-күрегім.
Өтірікпен тілдесе алман бір минут,
Шындықпенен бір жатып, бір жүремін.
Жан емеспін ақылы жоқ есірік,
Менмен емен өте шығар төске ұрып.
Ар-намысым мөлдір бұлақ қашанда,
Шындықты айтам кетсін басым кесіліп.
Білгенімді қалай іште сақтаймын,
Кім біледі қайда барып тоқтаймын?!
Өтірікті айта алмаймын, адамдар,
Шындықты айтып көп адамға жақпаймын.
Әділдік деп ән салады өлеңім,
Жалаң аяқ шындықты іздеп келемін.
Досымсың ба, жолдассың ба, жаусың ба?!
Мен өмірде шындықты айтып өлемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу