Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  143


Автор: Ғали Орманов

ЖАЗ ҚАНАТЫ

Жас сұлуша жасанып
Жылдың əсем келді айы;
Жағы сенбей əн салып
Жырлайды бозторғайы.
Жапырағы дүр өсіп
Жамылды бақ, тоғайы.
Жыршы құстар үн қосып,
Тамылжыды таңдайы.
Қозы, лақтар ойнақтап
Құжыды ауыл маңайы.
Толқынға ұқсас қой қаптап,
Толды өрістің талайы.
Жасыл жібек кілемдей
Егіннің көкорайы;
Жер кестелеп жүргендей
Жаздың жақсы сол айы.
Жаңбыр жауса күркіреп
Жəне қызық сол шағы.
Жарасады көк тіреп
Жайған кемпірқосағы.
Жер де бірге құлпырып
Жаныңа сый тартқандай.
Көкірегіңде шарқ ұрып
Жаз қанатын қаққандай.
Еңбек салған көп өрнек
Көз үйіріп тұр ылғи.
Құлақ түрсең, төңірек
Төгілген бір əн мен күй.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу