Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  160


Автор: Ғали Орманов

ЯНГИ ЙЕР ГҮЛІ

Бізге ұландар гүл тартты,
Жүздерінен жыр ескен.
Өздері гүл сияқты
Осы өңірде жаңа өскен.
Мектебі де, бағы да
Жаралғандай бір күнде,
Жабырлап жан-жағыңда
Жастық біткен түр бірге.
Жаны қимас өрендей
Жəне ойлантты кетерде:
Жаңа туған өлеңдей
Жаздым соны дəптерге.
Жыр сықылды Янги йер1
Қалар ұзақ жадымда.
Гүл бейнелі сəбилер
Күлімдесер алдымда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу