16.06.2022
  221


Автор: Рәміздер күні

Құтты болсын Рәміздердің күні бұл

Құтты болсын Рәміздердің күні бұл,
Қуандырып әр жыл сайын келетін.
Әуелетіп шырқалып бұл әнұран,
Патриоттық күйін бізге беретін.

Қос қанатты аттар елдің пырағы,
Ортасында шаңырағы тербелген.
Елтаңбамыз жеріміздің бейнесі,
Халқымызға қуат берген, дем берген.

Ал көк байрақ туымыз бар көз тартар,
Әрбір адам жақсы көрер, құмартар.
Жасай берсін Рәміздері қазақтың,
Жүректердің төрінде бұл тұрақтар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу