Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  224


Автор: Сұраған Рахметұлы

Тесігінен есіктің жел кіреді

Тесігінен есіктің жел кіреді
Мұң көшпелі.
Көлемнің солды реңі.
Тарғыл мысық секілді бүктетіліп,
Ай сәулесі аунаған
Жер күледі.
Тау басынан тұманның қанаты ырғып,
Қар ұшқындап, құлайды
Қарасұр бұлт.
Көшкіні бар уақыт көктейді
Арттан,
Ескі дуал түбінде жаңа
Тірлік.
Қысқы аспанның реңі сырқат-тірлік,
Бұта түбін тырнайды бұрқақ
Сырғып.
Жол секілдіміз біз белгілі
Жобасы жоқ,
Зіл ғұмырды жоқтаймыз
Бір сәтке ілбіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу