Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  85


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қаңғыбас ізден сескенген құстар...

Қаңғыбас ізден сескенген құстар,
Мешіт мұнарасына малдас құрады.
Бұрымы бурыл талдарды қыстап,
Аспанның албастылары.
Кешегі кереметтерден қалғаны із бүгін,
Көне кент пен кешен үлгісі.
Алжастырады жалған ұғымың,
Жалған ұғымың
– кешенің құны.
Умаждап лақтырған хатта
Уәйәм тұтқан жүзімнің қаны.
Мәңгілік дүние боқтығын ақтап,
Қаңғырып солай жүзің былғанып.
Кірпікке ілулі ғаламды нәр ғып,
Қарша борайсың
Тәңірің жадау.
Лайсаң жолдарда құлайсың тарығып,
Жылайсың жұлыс, тамырыңда дау.
Құлайсың солай, әмірмен тасқа құлайсыз,
Бұрдыққан бала киіктей.
Құлқыңда жайсыз сұрықсыз аспан айсыз,
Шырағдан шала жанады шала биікте.
...Ей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу