Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  89


Автор: Қасымхан Бегманов

АРУ ҚАЛАМ АСТАНАМ

Күндiк жерден көрiнген,
Айналайын елiмнен,
Ата-баба кезеңдерi-ай.
Алқасындай Арқаның,
Бұрымындай қалқаның
Толқып аққан өзендерi-ай.
Махаббаттың өлшемi,
Бәйтерегiм еңселi.
Жүрегiңде жатады екен.
Ақ балығы жүзген көл,
Ақ сағымы жүзген бел,
Жер жаннаты атамекен.
Ару қалам Астанам,
Жанды тербер асқақ ән.
Арман үмiт тiлегiмде,
Елiмдi алға бастаған.
Ару қалам, жас қалам,
Менiң мәңгi жүрегiмде.
Хан Кененiң тiлегi,
Алашорда жүрегi.
Ерке Есiл әлi есiмде,
Қарашығы қазақтың.
Бақытты күн, ғажап күн,
Сарыарқаның белесiнде.
Тағдырымыз шешiлген,
Мерейiмдi өсiрген.
Әлем бiлген бас қаламсың,
Жеткен көне ғасырдан.
Айбынымды асырған,
Менiң жаңа Астанамсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу