Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  132


Автор: Қасымхан Бегманов

Қайнадым қара шәйнекте...

Қайнадым қара шәйнекте,
Дауасы су деп дертiмнiң.
Жаңбыр жауғанда әйнекке,
Сағыныш болып шертiлдiм.
Көзiмде жас боп қалды дүр,
Ойнаған тамшы шiркiнде.
Балауыз шамдай бал ғұмыр,
Өте де шығар бiр күнде.
Куәсi болған сертiмнiң,
Сол қызбен...
көше мүйiсi.
Дауасы болған дертiмнiң,
Суланған шаштың иiсi.
Кiрпiктен шық боп суланған,
Байқалар саған ендi нем?
Терезелерден буланған,
Елесiңдi iздеп телмiрем.
Адамның көзi бұлақ дүр,
Ағып бiр жатқан елсiзде.
Ағыл да тегiл жылап тұр,
Дүние мынау менсiз де.
Заманды тұрған сыр айтып,
Ойлы бiр ұрпақ бағамдар.
Бiрiңдi-бiрiң мұңайтып,
Жылатпаңдаршы, адамдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

23.02.2024 13:45
Ооо өленіңіз керемет екен маған қатты ұнады

Пікір жазу