Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  162


Автор: Жангелді Немеребай

ПОЭЗИЯ

Жүрекке жыр, кеудеме толтырып ән,
О, поэзия өзің деп толқыды жан.
Ғашық едім мен саған жан-тәніммен,
Азабыңды қаншама тарта білгем.
Қармағымды үмітпен тереңге атып,
Табамын ба деп жүрмін сенен бақыт.
Жазған болса ақын деп маңдайға
Аллам, Кешір менің кезімді әнге айналған.
Әуендерге аударсам назарымды,
Сен арқылы саз қылдым жазарымды.
Көңілге мұң, түскенде жанға қаяу,
Шер тарқаттым жыр жазып таңға таяу.
Бірге болдың үміттер ақталғанда,
Көкке төбем екі елі шақ қалғанда.
О, поэзия гүлденген жасыл бағым,
Сен арқылы жетер ме ғасырға әнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу