Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  112


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қанды жасақ аққан күнде жосылып...

Қанды жасақ аққан күнде жосылып,
Мына көкке жеткізе алмас, осыны ұқ:
Алпыс апаң, қырық жездең жабылып,
Тұқымың мен тұқияның қосылып.
Бірегей бұл туғаннан соң бір рет,
Жыры болсақ, тұра аласың нұры боп.
Халық сені аспанына шығарар,
Халық қолы дейтін жалғыз құдірет.
Жұлдызға тән жарық, жарқын түрменен,
Маздағанмен, жазбағанмен бір де өлең,
Осылайша сөйлейді олар ұрпаққа,
Сөйлейді олар сұлу қызыл нұрменен.
Қиналсаң да, сыймасаң да теріңе,
Байпаңдаумен айта алмайсың еліңе.
Жүрмейді оған «мені де бір аяңдар»,
Жүрмейді оған «көтеріңдер мені де».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу