Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  242


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Сонша саған не қылдым?

Сонша саған не қылдым?
Менің Иран-бағымның
алмасын да, гүлін де,
айдың аман күнінде
желге ұшырдың – ұрлаттың,
Не жазып ем, қымбаттым?
Сонша саған не қылдым?
Менің сарайларымның
ұстындарын сындырттың,
гүлзарларын жұлдырттың,
Зар жылайды көрсе адам,
Не жазып ем мен саған?
Сонша саған не қылдым?
Менің алтын тағымның
ою-нәшін өшірттің,
орындыққа көшірттің,
және балталадың-ау...
Не жазып ем, жаным-ау?
Сонша саған не қылдым?
Менің алдаспанымның
жүзін тасқа шаптырттың,
алтын қынын лақтырттың,
жерде жатыр ол да әні...
Мақсатың не сондағы?
Соны білсем – болғаны!
Соны білсем – болғаны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу