Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
185
Алла тең, ешкімді артық жаратпаған...
Алла тең, ешкімді артық жаратпаған,
Туған жоқ елден ерек қанатты адам.
Кеудесін керіп тұрған біреу көрсем,
Жел кеуде сорлы ма деп қарап қалам.
Шалқақтап қарынының тойғанына,
«Көк тіреп тұрған мен деп» ойлады ма.
Санаған елден артық өз бастарын
Осылай абыройын жоймады ма?
Асыл тас тереңдерде жатса батып,
Қоқыстар су бетінде жүрер қалқып.
Ей, адам, ақыл-есің дұрыс болса,
Санама өз басыңды елден артық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇