Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  129


Автор: Жарылқасын Аманұлы

НАУРЫЗ КӨЖЕ

Көктемде, сонау көктемде,
Көктен нұр жерге төккенде.
Әлемді шуақ өпкенде,
Бұлдырық ұшып көк белде,
Қызғалдақ өсіп бөктерге,
Қызыл су қаптап өткелге,
Таң шығы қонып шөптерге.
Тіл бітіп сөйлеп кептерге,
Базар боп өмір кеткенде.
Қарамай күпі, шекпенге,
Қарайлап құтты кетпенге,
Дихандар егін еккенде,
Ырзығын халық сепкенде
Бауырлап бұлт шөккенде
Ел беріп наурыз көжені
Сары уыз құйып бөкпенге.
Құрт езіп, малта еткенде,
«Болды, деп, тәтті еттен де»,
Кел-кел деп өткен-кеткенге
Отырар еді кемпір-шал,
«Шүкір, деп, бұған жеткенге!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу