Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  180


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БӨЛІССЕК ТЕ ТЕҢДІКТІҢ ПРАВОСЫН

Бөліссек те теңдіктің правосын,
Әдебінен ата-ана мұра қалсын.
Мұра қалсын, ұрпаққа ұнағасын,
Ері алдында әйелі иба сақтап,
Сынықтықпен сыйласын қыз ағасын.
Қастерлеген әз халқым қара көзің,
Айға, Күнге балапты, қарашы өзің!
Қыз алдында батырлар тізе бүгіп,
Аттап ешкім кетпеген ана сөзін.
Әдебінен ата-ана мұра қалсын,
Мұра қалсын, ұрпаққа ұнағасын.
Еркелесің, сыйласын, қыз ағасын,
Еріне әйел есіліп жібектей боп,
Пайдалансын орнымен правосын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу