Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  162


Автор: Табиғат АБАЙДІЛДАЕВ

СМС-КЕ СЫЙМАҒАН ШУМАҚТАР

Сен жүрген жолдың бəрі,
Сезімге тəуелді ме?
Тіл қатшы, Мұңның Жары –
Сезбеппін əуелгіде.
Көзіңнен сыр аңдығам,
Көзіңде түнеп қалып,
Сөзімде жыр қалғыған,
(Шегіндім, тілеп барып).
(Назымның назы ерек,
Шайырдың өртер ішін.
Бір ақын жазып əлек,
Жазылмас ертегісін).
Қасымнан табыл еркем,
Сендікпін, сенемісің?
Мен саған барам ертең,
Сен маған келемісің?
(Өтінем, келе салшы,
Мен емес, өлең үшін).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу