Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
187
Бір әлем бар, бізге жұмбақ, тәңірге ақ...
Бір әлем бар, бізге жұмбақ, тәңірге ақ,
Ешкім білмес қайда екенін оның нақ.
Жұлдыздар да сыр ашпайды ол жайлы,
Анда-санда тұспалдайды тек ымдап.
Миллиардтаған құртақандаай пенделер,
Сол әлемді іздеуменен сенделер.
Пенде іздеген жұмбақ әлем қақпасы,
Миллиардтардың тек біріне кез келер.
Тек бір адам тауып жұмбақ шешімін,
Ашып кірер тылсым дүние есігін
Ол қандай жан:
Пайғамбар ма, пақыр ма?
Ешкім оның айта алмайды есімін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇