Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  122


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сен шығыста, мен батыста жүрсем де

Сен шығыста, мен батыста жүрсем де,
Алау атқан от жанарым бір сенде.
Түсіме сан кірсең де,
Төгіледі жыр сен деп.
Хабарың жоқ қаран болдым, кеш мені,
Күттім-күттім сен жақтан бұлт көшпеді.
Ой, сағынышым-ау,
Сен жақтан құс ұшпады,
Сен жақтан жел еспеді.
Шың басына гүл ап құшып жеттің бе?
Шыңырауға бірақ түсіп кеттің бе?
Оралмастай көп күнге,
Жыраққа ұшып кеттің бе?
Саған деген сезім тербеп еңсені.
Сағынып жүрмін мен сені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу