30.05.2022
  547


Автор: Ескен Елубаев

ЖАУ, ЖАҢБЫР

Аяқ асты түнерiп
Туған жердiң аспаны,
Көптен күтiп жүр едiк,
Жауын жауа бастады.
Өтсе екен деп селдетiп,
Нөсер төпеп ауылды.


Барлығымыз əндетiп
Шақырдық-ау жауынды.
«Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Кең далаға көлбеген.
Жау-жау жабыр,
Жау жаңбыр,
Қуанышты ел деген.
Жау-жау жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн-жайға шөлдеген.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн өссе береке.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Елге əкелер мереке...»
«Жау-жау» десе жауын да,
Көп жауар деп естимiз.
Жаңбыр жауса ауылда,
Əндетемiз, өстимiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу