Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  90


Қызырғазы Тоқтар

Қауымдастық - қазақтың қара нары

Шашылған жер бетіне тарыдайын,
Қазағым күллі əлемді қоныс қылған.
Қауымдастық жасап беріп жағдайын,
Барша қазақ жүрегін тоғыстырған.
Қамын ойлап қазақтың шетелдегі,
Жаны жайсаң елімнің ағалары.
Халық жүгін қайыспай көтереді,
Қауымдастық – қазақтың қара нары.
Болған соң қауымдасу ұранымыз,
Қалайша тəлей жанып, құт қонбайды.
Қырағы болғаннан соң қыранымыз,
Иншалла, нар жолында жүкқалмайды.
Қауымдастық берекенің ұйытқысы,
Бірлігі бұзылмасын қазекемнің.
Халқының біртуары сүйіктісі –
Жаннатта жаны болсын Қалекемнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу