Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  226


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сүйем сені, ол шындық, жасырмаймын...

Сүйем сені, ол шындық, жасырмаймын,
Артық сөзді басымнан асырмаймын,
Ұнатпадың, сен мені сүймедің де.
Енді сүйші деп саған бас ұрмаймын,
Сүйем сені, ол шындық, жасырмаймын.
Елестеген мұнартып сен бір сағым,
Кім ойлапты алдағы болашағын.
Талай жылғы аңсаған ғашығыңды,
Құштар жүрек армандап сағын-сағын.
Сұлулыққа сүйсінген мен бір ғаріп,
Ғашық отың жүректі кетті-ау қарып,
Қоштасқалы өзіңмен қимай-қимай.
Жиде екі рет гүлдеді бүршік жарып,
Сұлулыққа сүйсінген мен бір ғаріп.
Сүйгеніме сенбейсің әтең-әттең,
Асыл сөзің, алыстан келер хатпен.
Өмір бойы дос болып қалайықшы,
Керегі не әуре боп махаббатпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу