Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
159
Уақыт ағымы
Жылжып та өткен,
Сырғып та өткен – уақыт,
Біреуді жүрсің үмітті етіп, жұбатып.
Біреудің жүрсің мезгілін ұрлап, жылатып,
Жылжып та өткен, сырғып та өткен – уақыт.
Жүректің дертін басқан да келіп – уақыт,
Төзімі қатты, тастан да берік – уақыт.
Жетелеп жасты, қаусаған шаққа жеткізіп,
Кәрі қып тастап, қашқан да жеріп –уақыт.
Ғасырдан – ғасыр жылжитын талмай-уақыт,
Жылдарды – жылға жүрсің ғой жалғай – уақыт.
Кетейін бірге өзіңмен самғай-уақыт,
Өлеңім менен сөз сырым қалғай-уақыт.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇