Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2022
232
«Қыз кеткен соң, ауылдан қызық кеткен!»
«Қыз кеткен соң, ауылдан қызық кеткен!»
Дәурен бе едің көңілді бұзып кеткен.
Күзгі аспанға қиқусыз, қанаты жоқ
Сағынышты тырнадай тізіп кеткен.
Бір ойымды бір тентек сызып кеткен,
Ғашық күйдің әуезін үзіп кеткен.
Тас бүркеніп қыста ойлап жатқан олжа,
Түртеді әлі-ақ көздерін сүзіп көктем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇