Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  120


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Пейзаж

Менің тентек тайлағым өрісте жүр...
(Ауыл жырын жазамын, теріс пе бұл?)
Қас қарайды, Ай туды ағараңдап,
Ұйықтауға кірісті періште-гүл.
Сымбырласты жапырақтар ағаш-талда,
Шөкім бұлт та қалмапты шар аспанда.
Көшедегі жастардың салған әні
Ұқсап тұрды Айдан да әрі асқанға.
Шіркін, өтіп жатыр ғой уақыт-тарлан,
Мол үмітпен күтемін бақытты алдан.
Нұр-самала шайқайды жұлдыз біткен,
Аумай қалып кәдімгі ақықтардан.
Мен отырмын жүректен жыр ақтара,
(Айналама түрулі құлақ қана...)
...Ақ тайлағым тағы да кетпесе екен
Айдалада жоғалып бір аптаға!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу