Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  93


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Өң мен түс

Өңімде жазылмаған бір жырды
Түсімде жыртып тастадым.
Өңімде табылмаған бір нұрды
Түсімде ұстап ластадым.
Өңімде мазалаған бір сорды
Түсімде қырқып тастадым.
Өңімде бұйырмаған бір жолды
Түсімде жырғап бастадым.
Өңімде бағынбаған бір шыңды
Түсімде тілеп сұрадым.
Өңімде ашылмаған бір сырды
Түсімде білеп сынадым.
Өңімде туылмаған бір таңды
Түсімде іздеп сұрадым.
Өңімде жолықпаған бір жанды
Түсімде жоқтап жыладым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу