27.05.2022
  239


Автор: Ескен Елубаев

КӨК ЖЕЙДЕ

Көктемнiң бiр күнi едi,
Көгалда ойнап жүр едi.
Апасы кеп Сапарды
Дүкенге ертiп апарды.
Жейде сатып əпердi,
Өзiне ол шақ келдi.
Түсi көгал сияқты,
Апасы бек ұнатты.


– Мына жейдең көкпеңбек, –
Дедi Сапар өкпелеп, –
Жақында күз болмай ма,
Көгал шөптей оңбай ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу