Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  113


Автор: Ибрагим Иса

Тілек

Нұрбек-ау, есімің-сүйікті есім,
Бұл атыңа жаманат ілікпесін.
Ертіңіңнің ашарда есіктерін,
Баспалдағың бүгіннен биіктесін.
Ұғымы бір патшамен есіміңнің
Саған берген сыйы бұл осы күннің.
Өміріңнің бақшасы-жемісті боп,
Босамасын топсасы есігіңнің.
Саған мәңгі қорғаныш тазалығың,
Болсын таза қашанда өз ағының.
Алла берген таймасаң ақ жолыңнан,
Мақтанышы боласың қазағыңның.
Балалығың сәл жүдеу өтті сенің,
Бүгінгі күн – ертеңге тепкішегің.
Ажарың бар аруды қызықтырар,
Мінезің де қазіргі тәтті сенің.
Кезің келер биіктен бағаңды алар,
Бақыт құсы, кім білсін, саған қонар.
Тамсандырған талайды тұлпарлардың,
Аман болсаң талайы сенен қалар.
Өнерлісің, емессің елге бөтен,
Жетелейді биікке сол берекең.
Ұмытшақтық, аңқаулық бойыңдағы,
Адалдықтың белгісі ол да, көкем.
Кіндік қаның тамған жер – киелі жер,
Жүрек керек ол жерді сүйе білер.
Ардақтысы албанның аз емес қой,
Сенің туған жеріңді біледі ел.
Мықты болса бойдағы ерік-күші,
Жолда қалмас мақсаты биік кісі.
Арманыңа жетерсің аман болсаң,
Туған елдің боларсың сүйіктісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу