Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  115


Автор: Ерлан Рымбек

Жаралай бер жанымды

Жаралай бер жанымды,
Тек қасымнан кетпеші.
Жоғалтып тек бағыңды,
Көз жасыңды төкпеші.
Жаралай бер жанымды,
Не десеңде шыдармын.
Үйіп төгіп барымды,
Бәлкім саған ұнармын
Жаралай бер жанымды,
Мен бәріне көнейін,
Атырып сенімен таңымды,
Содан барып өлейін.
Жаралай бер жанымды,
Қандай күндер кешсеңде,
Сұрасаң болды халімді,
Басқа жанмен кетсеңде.
Жаралай бер жанымды,
Дос жүрегің сатпасын.
Қылдай нәзік жаныңды,
Құдайым лайым сақтасын.
Жаралай бер жанымды,.
Сенен күдер үзбеймін.
Саған деген әнімді,
Жүрегімнен іздеймін.
Жаралай бер жанымды,
Жанымды және жүректі.
Саған деген бағымды,
Өзіңе арнап гүл еттім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу