Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  168


Автор: Ерлан Рымбек

Бақытты боп көрмеген

Жігіт сөзі
1.Сенесің бе өміріме,
Сағыныштан өлдім міне,
Сені көрген сәттен-ақ,
Ойымды бөлдің міне.
Саған қарап тұр ғой көзім,
Көмілдім бе, Сөгілдім бе?..
Қыз сөзі
2.Көмілмеңіз,сөгілмеңіз.
Екеуміз бір өңірденбіз.
Өтінемін тек сізден
Енді қайтіп көрінбеңіз
Мен өмірде бақытсыз,
Тірідей көмілген қыз.
Жігіт сөзі
3.Жыламаңыз қарындас,
Екеумізде жалғыз бас.
Сендей ару мен үшін,
Екі өмірде табылмас.
Құсым болып бақытты,
Өзің келіп бағыңды аш.
Сағыныштың уынан,
Бүгін менің жаным мас.
Қыз сөзі
4.Досыңыз бар-Ол өлең,
Сізді сатып көрмеген.
Ақ қағаздай сияның,
Тамшысына шөлдеген.
Адалдықты достықты,
Ақын жандар бөлмеген.
Бақытсыздар не істеп жүр,
Бақытты боп көрмеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу