Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  96


Автор: Ерлан Рымбек

Медеу етіп жырымды

Медеу етіп жырымды
Өткізем талай күнімді,
Жүрегім бір сәт бұлқынып
Сонша неге түңілді?
Көңілім көлдей ағылып
Іздейді елді сағынып,
Кезіп талай жерлерді
Кетті кеудем тарылып.
Құрмет пен сыйға бөленген,
Таптым ба бақыт, өлеңнен?
Будақ-будақ тер төгіп
Жыр жолында келем мен.
Шаттықтан кейде ән салып
Өтті өмір қаншалық,
Осы өмірдің барына
Жүрмін ғой мен де тамсанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу