Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
365
Арақпен сен ойнама
Адамды арақ мас қылады,
Дос-жаранды қас қылады.
Ауызыңнан көпіртіп
Боқтық сөзді шаштырады.
Адамды арақ мас қылады,
Сұқытты алып шаш тұрады.
Жеп-ішсең де, өңешіңнен
Өтпей-жетпей ас тұрады.
Адамды арақ мас қылады,
Тентіретіп басты ұрады.
Абыройың, ар-ұятыңды
Аяғыңа бастырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇