Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  150


Автор: Ерлан Рымбек

Анама

Несіне, ана, ойға батып тұнжырадың,
Қабағыңа қарап мен де тұнжырадым.
Жүрегіңнің дерті жанды қинағандай
Ұстай алмай өзімді, бір жыладым.
Көз жанарың ұқсамайды бұрынғыға,
Түскендей емсіз дерттің құрығына.
Төрт ұлыңның төрт тағдырын күнде ойлап,
Ұқсаттың ба төрт кесенің сынығына.
Тал шыбықтай нәзік еді жүрегің де,
Байқалады бір уайым реңіңде.
Күлкіңді көрсем болды жанарыңнан,
Ұқсатамын мен сізді нұрлы өмірге.
Қайсыбірін алаңдап мұң шертесің,
Одан да ашшы, ана, жыр көрпесін.
Мына сенің алтындай ғұмырыңа
Дұшпандарың әкеліп күл төкпесін.
Мен үшін, ана, жүрегің дара екен,
Сені ойласам келердей бала ма екен.
Өмір шеңбер бойымен сырғанайды,
Уақыт тайғақ, әлде өмір – шана ма екен.
Несіне, ана, батасың зарлы мұңға,
Сене берме тағдырдың қалжыңына.
Төрт ұлың төрт бақыттың куәсі боп,
Келеді әлі талай күліп алдыңызға.
Ой-санаңды несіне мазалайсың,
Алдамшы емес пе еді тағдыр мына.
Біз қандай бақыттымыз өзің барда,
Сізге деген ыстық жалын сезім барда.
Мен ешқашан қимадым жамандыққа
Жүрегімде «Ана» деген сезім барда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу