Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  356


Автор: Ерлан Рымбек

Әжеме

Көгімдегі күн де сен,
Жаныма еккен гүл де сен.
Өзіңді аңсап келгенде
Қабақ шытып жүрме сен.
Әжетайым, нәзігім,
Маңдайдағы әжімің -
Домбыраның шегіндей
Шертіп тұрған сазды мұң.
Жеткізгендей болады
Қалған ғұмыр аздығын.
Көңілің аппақ қар ма екен,
Нұрланып атқан таң ба екен?
Мынау шеңбер әлемде
Сендей жандар бар ма екен?..
Кәрілікке жеткізген
Уақыт деген аз ба екен?..
Сезім отын жандырып,
Қымызыңа қандырып
Жүруші едің, әжетай,
Немерелерді таң қылып.
Нұрлы, әже, жүзіңнен
Жыр оқимын мәңгілік.
Қымызыңа мас болып,
Төсіңді, әже, жастанып,
Жатар ма едім өзіңе
Бар сырымды ақтарып.
Шабыт берген бойыма
Өзің болдың бас халық.
Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Көңілің мәңгі шөкпесін.
Өзіңді халық қадірлеп,
Ақылыңды ешкім теппесін.
Бойдан ұшқан арманың
Тізесін бүгіп кетпесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу