Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  133


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Балықшы

Көк теңіз – кеннің көзіндей,
Көк теңіз – біздің қазан ғой.
«Ау толсын!» деп əзілдей,
Əуп деп, əуп деп жазар бой.
Қабаққа шаттық ұялап,
Көздері ұшқын атады.
Табандар таппай тиянақ,
Тайғанап бара жатады.
Тартады торды жұмыла,
Олжаға шылқып батады.
Теңіздің ащы суына,
Тамшылап тері жатады.
Еңбектің күйін шертер күн,
Балықшы сүйер мекенін.
Біледі халық сол тердің,
Қаншалық тəтті екенін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу