Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  99


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Жер мен күннің жұптасуы

О, Жер-Ана!
Қадірлім,
Қалың қалай?
Қасіреттің көтеріп бәрін де оңай.
Қабағыңды бір шытпай келесің ә
Бар қайғыңды қайғы деп мойындамай.
Үндемейсің көрсең де не заманды,
Үнсіз ғана қинайсың неге жанды?
Азаматты асырап,
Тәрбиелеп,
Жеткізген де, өсірген де сен адамды.
Мынау жарық жалғанды көрсем деген
Бар тірліктің анасы сенсің сенем
Сол әу бастан балаңмын бауырыңдағы
Бола қоймас бір сәтім менсінбеген.
Біздің тірлік болады басқа қалай?
Таң сенімен атса да,
Батса да арай.
Біз адамбыз Жер деген Анасының
Емшегіне жармасқан жас баладай.
Жүргенім жоқ мастанып,
Тойып, күліп,
Мінезімді кейдегі айып біліп,
Мен әр кезде еңкейем өз алдыңда
Оң қолымды кеудеме қойып тұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу