Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  107


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қазақстан

Ойлап дала, қала мен қыр қамын да,
Өткел іздеп өмірден тұрғаныңда, –
Бір жағыңда қаптаған қара Қытай,
Орман орыс шулайды бір жағыңда.
Қалың көптің көрсеткен бұртаңы ма,
Қырын қарап биліктің тұр тағына.
Қазақстан қазақтың жалғызысың,
Сен мəңгілік керексің ұрпағыңа.
Жан-жағыңда жаулар тұр андыздаған,
Керек қана емессің жалғыз маған, –
Сақта өзіңді, тағы да, сақтағандай,
Жағаңнан алған кезде қанды із Қаған.
Кіріспей жүрген кезде жұртың қамға,
Қапыда қаза тапты бір тұлғаң да...
Аяққа оратылған желдей жауың,
Шалуда ішіңнен де, сыртыңнан да.
Жүргенде қазақ күнін құрта бұла,
Тусыздар тұғыр тілеп тұр тағы да.
Қазақстан, қазақтың жалғызысың,
Сақта, сақта өзіңді ұрпағыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу