Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  119


Автор: Гүлбақыт Қасен

Қымбат бізге

Қымбат бізге
ізгі күндер, бал күндер,
Жанды тербер әсем жырлар, ән, күйлер.
Жүректерге сезім өрнек салады,
Махаббаттың құдіреті жанды емдер.
Қымбат бізге
ізгі айлар, бал айлар,
Көңіл көктем, жанда шуақ арай бар.
Бақыт, шаттық шақырады үмітпен,
Арманына қол бұлғайды талайлар.
Қымбат бізге
ізгі жылдар, бал жылдар,
Жадымызға мәңгі естелік қалдырар.
Алтын уақыт – алтын ұғым жоғалмай,
Сағыныш боп жүрегімді жандырар.
Сағыныш боп тереземнен қағылар...
***********
Жанымсың жақсы көретін,
Жалынсың беттен өбетін,
Жауынсың нұрын себетін,
Жарықсың шуақ төгетін.
Балымсың сезім беретін,
Барымсың көзбен көретін,
Бағымсың ұшып келетін,
Базарсың шаттық өнетін.
Елессің түске енетін,
Емессің жұлдыз сөнетін,
Ерексің Жаным сенетін,
Ерекше Жаным сүйетін !
Жанымсың! Жанымсың! Жанымсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу