Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  857


Автор: Гүлбақыт Қасен

Кім бақытты...

- Кім бақытты? - десе егер,
Мен дер едім.
Отбасымды Отанға теңгеремін
- Кім аяулы? - десе егер,
Мен дер едім.
Жанұямның бағында тербелемін.
- Кім сымбатты? - десе егер,
Мен дер едім.
Сұлулықтың нұрына емделер кім?
- Кім сүйікті? - десе егер,
Мен дер едім.
Еңбегіммен еліме еркеледім.
- Жаны таза кім? – десе,
Сен дер едім.
Жан жарымсың –
өмірде сенген ерім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу