Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.04.2022
131
КЕЙ АЗАМАТ
Қысастыққа шыдаған төзімді ері,
Қозғалмасын неге елдің көші ілгері.
Елбасы өзі өсірген кей азамат
Жер бетінен жүр оны өшіргелі.
Замананың жаралған толқынынан,
Қайран бар ма Алаштың оңды ұлынан.
Кей азамат жүр тілеп сүрінгенін,
Елбасы өзі демеген қолтығынан.
Бетін жуып көрмеген бұлаққа әлі,
Жігіттердің жоқ емес пір атқаны.
Кей азамат Елбасы туын тіккен
Елбасының жүр туын құлатқалы.
Көңілінің өзені тұнып ағып,
Кімнің тұрсын көзінде нұры жанып.
Елбасы атқа мінгізген кей азамат
Тақтан оны лақтырмақ жұлып алып.
Айтты деме, ағайын, қайдағыны,
Алып туған қазақтың қай қатыны?
Адамдардың жасаған жақсылығы
Жамандық боп бұл қалай қайтатыны?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇