18.04.2022
  246


Автор: Отан қорғаушылар күні

Құтты болсын Отан қорғаушы күні бұл

Құтты болсын Отан қорғаушы күні бұл,
Бұл елімді шаттығына бастайтын.
Абыройың асқақтасын оу елім,
Қайсарлықтың бет-бейнесін растайтын.

Отанымыз жандансын бұл әрқашан,
Елімізді қорғаушылар көп болып.
Аман болсын еліміздің ерлері,
Қиындықтар бастарында жоқ болып.

Көңілдері қуанышқа бөленсін,
Өмірлері ән мен жырға толы боп.
Жаратқаным өздеріне жар болсын,
Сыйластық пен ынтымақтың молы боп.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу