Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  101


Автор: Қалижан Бекхожин

ШАҚЫРДЫМ СЕНІ

(Ярослав Смеляковқа)
Шақырдым сені,
Кең далама шақырдым:
Шаңқан қырда,
Астында аспан шатырдың,
Шырқағанда самғап ұшқыр өлеңнің,
Ырғақтарың кетсін деп мың шақырым.
Көтерсін деп ақын досым кеудесін,
Мінбер етем
Алатаудың өркешін,
Құзда тұрып,
Шырқасын деп алысқа
Жаңғырта бір қазақтың кең өлкесін!
Алатаудың алтын иық құзынан
Аңқып ұшқан қырандарға қызығам.
Келеді ұшқым сол құстардай жазыққа
Жырларымның кестелері сызылған.
Қос дауысыңды,
Мен де өзіңдей ақынмын,
Ұшан қырға
 Ұшсын самғап батыл үн,
Жорға жырға мінгесіп
Жыр желімен
Жарысуға жырларыңды шақырдым.
Ашамын қырдың
Алтын, сағым пердесін,
Шық төріме,
Шерт шабыттың пернесін!
Кілем гүлдер
Майсаң белдер үстінде
Жорға жырың
Жігіт болып билесін.
Көр қызықты сахналы жерімнен:
Қырымда жоқ сұп-сұр белдер шөлірген.
Ақ қалалар қанат қаққан өрінен,
Онда, қурай басқан түздерде,
Дәнбикелер толықсыған, керілген.
Онда, сонау
Атамды сор айдаған,
Қу жапаннан алтын-күміс жинаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу